RU
Толық нұсқаға өту
www.gov.kz

Қазақстандық десантшылар «Ирбис-2024» оқу-жаттығуына қатысып жатыр

06.06.2024, 10:41 766

Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатыр. Іс-қимылдар «Магоб» оқу орталығында қызу үстінде.

Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу туралы шешім биылғы жылдың сәуір айында Душанбеде өткен штабтық келіссөздерде қабылданған болатын. Кездесуде тараптар Орталық Азия өңіріндегі террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне байланысты әскери-саяси жағдайды, қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талқылады. Осыған сәйкес оқу-жаттығудың мазмұны әзірленіп, таулы жерде ұрыс жүргізу тәсілдері модельденді.

Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен қабылдаушы тараптың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері таулы жерлерде оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін пысықтайды.

Оқу-жаттығулар бөлімшелердің далалық дағдыларын жетілдіру, таулы жерде арнайы іс-шараларды орындау кезінде командирлердің бөлімшелерді басқаруда тәжірибе алуы, сондай-ақ екі ел Қарулы күштерінің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі. Оқу-жаттығу 9 маусымға дейін жалғасады.

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz