RU
Толық нұсқаға өту
www.gov.kz

5 млрд теңгенің жайылымдық жері халыққа қайтарылды

06.06.2024, 10:50 697

Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан немесе заңбұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.

Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.

Елді мекендердің 24 мың гектарға жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген. 

Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды.

Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті.

Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды. 

 

Павлодар облысының прокуратурасы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz