RU
Толық нұсқаға өту

«Бас редакторлар клубы» бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті

12.06.2024, 19:22 747

12 маусым күні «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті.

«Бас редакторлар клубы» – 2007 жылда құрылған және құрамына Қазақстанның 300-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік. Бас редакторлар клубының негізгі мақсаты – мемлекетте шығармашылық атмосферасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді бәсекелестікті нығайту, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту.

Есеп беру кездесуінде клубтың құрылған күнінен бастап атқарған жұмысы мен ұйымдастырған іс-шаралары туралы белгілі журналист, медиаменеджер, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай баяндама жасады.

Басқосуда қатысқан әріптестердің сұрақтарына жауап қайтарып, клуб мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Кездесу соңында қоғамдық бірлестіктің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері және жаңа мүшелері сайланды.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері – вице президенттері:

  1. Мұратбек Тоқтағазин – Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы, профессор;
  2. Ринат Кертаев - «Halyq Uni Media» медиахолдингінің директоры;

3.Қамбар Ахметов– журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры орынбасары;

  1. Марат Башимов – қоғам қайраткері, «Человек и закон» газетінің бас редакторы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  2. Нұрбол Төлебаев – «QRNews.kz» ақпараттық агенттігінің бас директоры, Phd докторы;

Клубтың жаңа мүшелері:

Ильхам Ибрагим – «7 арна» бас директоры;

Жайнагүл Төлеміс – «Хабар» телеарнасының директоры;

Жасын Біркенов – «24KZ» телеарнасының директоры;

Нағашыбек Алдан – «Казинформ» АА бас редакторы;

Нұрбол Төлебаев – QRNews ақпараттық агенттігінің бас директоры;

Зарина Қуатова –«Тараз 24» телеарнасының директоры.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып журналист, медиаменеджер Бибігүл Құламан бекітілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz