RU
Толық нұсқаға өту

2024 жылы студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

13.06.2024, 20:00 869

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша оның 19-ы университеттерге, ал қалғаны колледждерге тиесілі.

Барлығы 10 мыңнан астам орын қарастырылған. Ғимараттардың жетеуі Алматы қаласында салынып жатыр. Астана мен Ақмола облысының әрқайсысында 5 жаңа нысан бой көтереді. Ал қалған жатақханалар Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының еншісінде. Ғимараттардың көбі қыркүйек айына дейін тапсырылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz