RU
Толық нұсқаға өту

Былтыр ЖОО бітірген түлектердің 83%-ке жуығы жұмысқа орналасты

14.06.2024, 14:37 646

Былтыр ЖОО бітірген түлектердің 83%-ке жуығы еңбек жолын бастады,  деп хабарлайды 24kz.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын тәмамдағандардың 89%-і жұмысқа бірден орналасқан.

Ауыл шаруашылығы және биоресурстарды дамыту саласына 1321 жас қосылды. Бұл – осы мамандықтар бойынша білім алған түлектердің 87%-і. Жаратылыстану, математика және статистиканы оқып бітірген 4152 түлек былтыр еңбекке араласа бастады. Сондай-ақ жас педагогтардың 85%-і балаларды оқыту ісіне қосылды. Былтыр оқу тәмамдаған 473 ветеринар жұмысқа тұрды, бұл – түлектердің 85%-і. Еңбек жолын енді бастаған түлектердің медиандық жалақысына үңілсек, соңғы үш жылда 114 мыңнан 168 мыңға дейін өскенін байқауға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz