Алып шаһарларды жалғап жатқан жолдардың жиегінде сауда қызметі дами бастады.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық маңызы бар бағыттардың бойына, түрлі павильондар салып, сол маңды жарықтандырып жатыр.
Ілкімді іс "Астана-Щучинск" трассасынан басталды. Мұнда жаңадан 20 шағын дүкен салынып, қолданыстағы 22-сі жаңғырды. Түнгі уақытта қолайлы әрі қауіпсіз сауда жүргізу үшін жарықтандырылды. Сырт келбеті де әрленді. Ал жүргізушілер сауда орындары жайлы ақпаратты 300-500 метр жерден арнайы проектор арқылы көре алады.
Айта кетейік, бұл бастама, елді мекендегі халықтың сауда жасауына қолайлы мүмкіндік беріп отыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz