RU
Толық нұсқаға өту

Орманшылардың жалақысы өсті

01.07.2024, 11:20 723

Елде бүгіннен бастап орман және табиғат қорғау қызметкерлерінің жалақысы өсті.

Осыған байланысты алдағы үш жыл ішінде бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлу қарастырылған. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Осылайша, орман өртін сөндіру стансалары мен мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады.

Барлығы 3 мың 300-ге жуық қызметкер қамтылады. Орман өртін сөндіруші мың жарымнан астам қызметкерге қосымша ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz