RU
Толық нұсқаға өту

Қазығұрт ауданында 700-ден астам тұрғын сенбілікке шықты

01.07.2024, 20:12 692

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 700-ден астам тұрғын сенбілікке шықты, деп хабарлайды 24kz.

Табиғат жанашырлары республикалық маңызы бар Алматы – Термез автожолының бойын күл-қоқыс пен арам шөптен тазартып, ағаштардың түбін әктеді. Бұдан бөлек, аудан орталығы 21 секторға бөлініп, 223 ішкі көше тазартылды. Балалардың ойын алаңдары ретке келтіріліп, 10 үйдің қасбеті мен 93 аялдама сырланды. Ұзындығы 60 шақырым болатын арық тазартылды. Экологиялық акцияға мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер мен еріктілер және ауыл тұрғындары үлес қосты.

Азизхан Исмаилов, аудан әкімі:

- Атап айтқанда, республикалық және облыстың маңызы бар жол бойында тазалық жұмысы, елді мекендерде, көпшілік орындарда ағаш, гүл көшеттерін отырғызу, қоқыстан тазарту, әктеу, сырлау сынды жүйелі жұмыстар жүргізілді. Мұның баршасы «Адал адам –Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz