RU
Толық нұсқаға өту

ШЫҰ ел дамуына қалай әсер етеді? БЛИЦ

02.07.2024, 11:13 815

Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті жайлы жұрт не дейді? Тұрғындардың пікіріне кезек берсек.

- 16 мемлекеттен келіп жатыр. Өзіміздің Қазақстанның дамуына, зауыттар салынуына үлкен әсерін тигізуі мүмкін осы саммит. Тағы да басқа бизнес идеяларды осы жаққа әкеліп жүргізуіне, инвестиция жасауына өте әсері көп.

- Өте маңызды деп ойлаймын халықтың дамуына, өсуіне, Қазақстанның экономикасына. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстан әртүрлі өндірістерді өндіруге мүмкіндік туып тұр.

- Әлемнің көзі Орталық Азияда болып жатыр қазір. Бұл әлемдік деңгейдегі үлкен жиналыс. Алып елдердің Президенттері келе жатыр. Осы жиналыстар арқылы көптеген бағыттар ашылады.

- Үлкен іс-шараға дайындық барысында қала өте әдемі болды. Мен келе жатырмын, көздің жауын алады өте тап-таза. Біз енді таңертең жолдасыммен 6-да жаттығуға шығамыз, таңғы жаттығуға. Ерекше тазалықты байқаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz