Аягөз қаласына жаңа жылу электр станциясы керек. Өңірге барған Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновқа жергілікті тұрғындар осындай өтініш айтты, деп хабарлайды 24kz.
Депутат облысты аралап, халықпен кездесіп жүр. Өңір тұрғындары сондай-ақ жол жөндеу, кәріз жүйесін жаңарту және жалға берілетін тұрғын-үйді жекеменшікке өткізу сынды мәселелерді көтерді. Нұртай Сабильянов аудандық аурухананың ұжымымен де кездесті. Ол облыс халқының талап-тілегін заң аясында қарастыруға уәде берді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz