Елдегі үздік домбырашы кім? Қай күйді ұйып тыңдайсыз? Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңайға соқпасы анық. Себебі әркімнің өзіндік талғамы бар. Дегенмен, 24kz түсіру тобы халыққа осындай сауал тастаған болатын.
- Дина Нұрпейісова, Құрманғазыны білемін. Қазіргілерден Асылбек Еңсеповті ғана білемін.
- Қызылорда бойынша Алмас Алматовты жақсы білеміз. Негізі сүйіп тыңдайтын домбырашым – Мейрамбек Беспаев.
- Қызылордадан шыққан Алмас Алматов бар, Мұхтар Ниязов бар. Жерлес қаншама жастар барғой?!
- Күйшілерден Асылбек Еңсепов және әнші Мақпал Жүнісованы тыңдаймын.
- Құрманғазы, оның шәкірті Дина Нұрпейісова. Одан бергі біздің домбырашылардан білгілісі – Нұрғиса Тілендиев.
- «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Ер тұран», «Алаш» күйін білемін. Бізде мектепте үйірмелер болған кезде тартамыз.
- Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» деген күйі жақсы. Бұрынғы ата-апаларымыздан күйшілер – Құрманғазы, Дина Нұрпейісова.
- Құрманғазы атамыз және Дәулеткерей деген домбырашымыз, Дина Нұрпейісова, сол кісілерден неше түрлі күйлер бізге аманат етіп келген.
- Қазақтың күйшілерінен Дина әжемізді білеміз. Құрманғазы, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz