Ақтауда Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан мен Тәжікстан елдерінің әскерилерін қарсы алу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Олар шілденің 17-не дейін Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында өтетін оқу-жаттығуға қатысады. «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық жиынының бір бөлігі Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жерде өткізіледі. Осыған орай әскери полигонда және Қарақия ауданында әскерлерді орналастыру үшін шатырлы лагерь құрылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz