RU
Толық нұсқаға өту

Су саласының қызметкерлері марапатталды

09.07.2024, 21:20 882

Су шаруашылығы саласының 300-ден астам қызметкері мен ардагері марапатталды, деп хабарлайды 24KZ.

9 шілде – елімізде бұл мамандық иелерінің кәсіби мерекесі. Айтулы күнде салтанатты шара ұйымдастырылып, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 53 маманның еңбегін елеп, «Су шаруашылының ардагері» төсбелгісін табыстады. Сонымен қатар министрлік қызметкелеріне, «Қазсушар» мамандары мен халықаралық ұйымдардағы өкілдерге алғысхат мен құрмет грамоталары табысталды. «Елдегі ең маңызды ресурс – сумен қамтамасыз ету. Сіздердің күш-жігерлеріңіз ең жоғары бағаға лайық», – деді Нұржан Нұржігітов.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz