Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризм мен экстремизмге қатысы болуы мүмкін 4 қазақстандық пен 1 шетелдік азаматты қамауға алды.
Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарындағы арнайы шара кезінде терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға қатысуы мүмкін күдіктілер анықталды. Олардан діни-экстремистік әдебиет пен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.
Күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, Қазақстанда сотталған еді. Қазір қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz