RU
Толық нұсқаға өту

Су тасқыны: Ақмола облысында 151 үй салынып жатыр

15.07.2024, 07:00 547

Ақмола облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспана салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Құрылыс жұмыстары алдағы айда аяқталады деп жоспарланған. Жалпы облыс бойынша 151 отбасы қоныс тойын тойлайды. Жаңа қонысқа жарық, су, газ желілері де тартылады.

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Көктемгі тасқын кезінде баспанасы бүлінген жаннын бірі – Наталья Шмельц. Ол Бұланды ауданына қарасты Капитовка ауылының тұрғыны. Саманнан жасалған үйінің қабырғасы қопсып, тұруға жарамсыз деп танылған. Енді зейнеткерге жаңа баспана беріледі.

Наталья Шмельц, Капитоновка ауылының тұрғыны:

- Арнайы комиссия келіп, бәрін тексерді. Кейін бізге жаңа үй салынатынын айтты. Қатты қуандық. Өйткені біздің үй салатын, не болмаса, алатын мүмкіндігіміз жоқ. Жаңа үйіміздің құрылысын барып, қарап тұрамыз.

Қазір Капитоновка ауылында 300-ден астам үй бар. Халқы мыңға жуықтайды.

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Жалпы көктемгі су тасқыны кезінде дәл осы Капитоновка ауылындағы 25 үйге су кірген. Соның 10-ына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 15-і мүлдем жарамсыз деп танылған. Қазір баспаналары бүлінген сол тұрғындарға ауыл іргесінен осындай жаңа үйлер салынып жатыр.

Айталық, жаңа баспананың жалпы ауданы 89 шаршы метр болса, жер учаскесі – 8 сотық.

Олег Ковалёв, құрылыс учаскесінің бастығы:

- Қазір сырты су желілерін тартып жатырмыз. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Тек қажетті материалдар уақытында жеткізілсе болғаны. Қазіргі уақытта үйлердін толық шатырын жаптық. Енді ішкі әрлеу жұмыстары қалды.

Дәл осындай үйлерлердің құрылысы қазір Журавлевка, Иванковка және Вознесеновка ауылдарында да салынып жатыр. Жергілікті билік өкілдері құрылыс жұмыстарын бақылауға алып, сапасына бас көңіл бөліп отырғандарын айтады.

Ардақ Смайылов, Бұланды ауданының әкімі:

- Жұмыс ойдағыдай болып жатыр. Біз өзіміз барып, қадағалап, көріп, сапасын да тексеріп жатырмыз. Одан басқа, сіздер білесіздер, тасқыннан бүлінген көпір мен жолдар салынып жатыр. Макинск қаласында су тасқыннан зардап шеккен 11 адамға үй сатып әпердік.

Есіл мен Жарқайың аудандарында да жаңа баспаналардың құрылысы басталды. Жалпы облыс бойынша тасқыннан зардап шеккен 151 отбасы күзге дейін қоныс тойын тойлайды.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz