RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде жеке деректерді қорғау тәртібі өзгерді

15.07.2024, 07:36 758

Елде жеке деректерді қорғау тәртібі өзгерді, деп хабарлайды 24kz.

Шілденің 1-інен бастап IT-нарыққа қатысушылар үшін жаңа міндеттемелерді белгілейтін жаңа норма өз күшіне енді. Енді деректер базасының операторы қауіпсіздікті бұзу фактісі анықталған жағдайда ол туралы 1 жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарды хабардар етуі керек. Бұған дейін нақты мерзім көрсетілмеген болатын. Тағы бір жаңашылдық – ол азаматтарды олардың жеке деректері біреуге өтіп кетсе немесе заңсыз өңделген болса, бірден хабардар ету. Ақпарат eGov.kz порталын қолданушының жеке кабинетінде жайғастырылатын болады.

Евгений Питолин, киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы:

- Деректер базасы операторларының бірқатар міндеттемелері бұрыннан бар еді. Бірақ хабардар ету мерзімі әртүрлі болатын. Қазір нақты уақыт беріледі. Яғни, бұзушылық анықталған сәтте бірден уәкілетті органдарды хабардар ету керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz