RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда 27 үйге ыстық су берілді

16.07.2024, 22:48 791

Бұған дейінгі жаңалықтарымызда Петропавлдағы 50 көпқабатты үйдің жаз басталғалы ыстық сусыз отырғаны туралы айтқанбыз.

Бүгін мәселе шешімін тапты. Шаһарда көпқабатты 27 үйге ыстық су берілді. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдын Мәкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, қалған 23 үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл аумақтарда жерасты жылу құбырлары қалпына келтіріледі. Жалпы Петропавлдағы жылу желісінің ұзындығы 230 шақырымға тең. Оның 70%-і тозған. Осыған байланысты құбырларды жөндеп, жаңарту үшін 2029 жылға дейінгі жол картасы қабылданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz