RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде «Терезені жап – баланы қорға» акциясы өтті

18.07.2024, 13:27 714

Өскеменде де балалардың ашық терезеден құлап кетуі жиіледі хабарлайды 24kz.

Осыған байланысты құтқарушылар ерекше профилактика ұйымдастырды. Алдымен көпбалалы отбасылардың терезелеріне арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатты. Содан соң дауыс ұлғайтқыш байланыспен жабдықталған арнайы дрон іске қосылды. Осылайша, құтқарушылар халыққа қауіпсіздік ережелерін жеткізіп, балаларды қараусыз қалдыру қаншалықты қауіпті екенін еске салды. Мамандар ата-аналарға москит торының баланы көтере алмайтынын ескертеді.

Нұрболат Өтеев, ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының инженері:

- Түсіндірме жұмыс аясында балалардың терезеден құлап кету факторларының алдын алу бойынша түсіндірме жүргізді. ШҚО бойынша ТЖД тұрғындардан, ата-аналардан және балалармен отырған кісілерден балалардың қауіпсіздігіне аса мән берулеріңізді сұраймыз. Балаларды терезенің алдына жақындатпаңыздар, москит торына сенбеңіздер. Төтенше жағдай кезінде 101 номеріне хабарласаңыздар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz