RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында қасақана қылмыс жасаған 11 адам балабақшаларда жұмыс істеген

18.07.2024, 15:27 717

Жетісу облысындағы балабақшаларда қасақана қылмыс жасап істі болған 11 адам жұмыс істеп келген деп хабарлайды 24kz.

Еңбек заңнамасына қайшы әрекеттерді прокурорлар анықтады. Тексеріс кезінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 200-ден астам заңбұзушылық әшкереленді. Мәселен, Панфилов ауданындағы 55 жекеменшік балабақшада «Шақыру дабыл жүйесі» жоқ болса, 40 мекемеде «Өрт қауіпсіздігін хабарлау» жүйесі істен шыққан. Ал, Ақсу, Сарқан аудандары мен Текелі қаласындағы 9 балабақша мерзімі өтіп кеткен санитарлық қорытынды негізінде қызмет көрсеткен.

Айдар Шабдаров, Жетісу облысы прокурорының аға көмекшісі:

- Жетісу облысындағы балабақшаларда бұрын істі болған 11 адам прокурорлардың ықпал ету шаралары нәтижесінде жұмыстан шығарылды. Сонымен қоса, Кербұлақ ауданындағы балабақшаларда 25 млн теңге жымқырғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында. Облыс аумағындағы прокурорларымен 20 ықпал ету шаралары енгізіліп, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке және 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz