RU
Толық нұсқаға өту

Оралда 55 отбасы пәтерлі болды

22.07.2024, 21:33 694

Оралда 55 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр деп хабарлайды 24kz.

Тасқын кезінде баспанасын су шайған саяжай тұрғындарына пәтер кілттері табысталды. Үйлерді сатып алуға ірі мотор компаниясы демеуші болған. Әкімдік жалпы 2500 отбасын баспанамен қамтымақ. Бүгінде оның тең жартысы өз үйлеріне кірді. Жаз соңына дейін қала шетіндегі шағын аудандарда тағы 300 баспана салынады. Сондай пәтердің бірі Асылғаным Меңдіғалиеваның жанұясына бұйырды.

Асылғаным Меңдіғалиева, қала тұрғыны:

- Көңіл-күйім жақсы. Үш ай бойы далада жүріп, осылай жаңа үйге ие болып жатқанымызға қуаныштымыз. Енді Президентімізге, әкімімізге көп-көп рақмет. Ұнап жатыр. Іші толған құт-береке болсын. Енді қуаныштымыз. Бәріңе де рақмет. Бәріңнің отбастарыңа береке берсін. Бәрі де жақсы болғай.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz