RU
Толық нұсқаға өту

Бірлік пен Жағабұлақ ауылдарында тасқыннан зардап шеккендерге 12 үй дайын

02.08.2024, 15:18 706

Ақтөбе облысындағы Бірлік пен Жағабұлақ ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары қоныс тойына дайындалып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Санаулы күннен кейін мұндағы құрылыс жұмыстары тәмамдалады. Қазірдің өзінде 12-сі дайын. Жалпы Мұғалжар ауданында 76 үйді су басқан болатын. 55 отбасы нарықта саудаланып жатқан баспаналарға көшіп үлгерді. Қалғандары жаңасын күтуді жөн көрген. Санаулы күннен кейін Жағабұлақ ауылында 9 үй қолданысқа берілсе, Бірлікте үшеуінің кілті иелеріне табысталады.

Аманғали Рамазанов, Бірлік ауылының тұрғыны:

- Құрылысшыларға, мына әкімдікке рахмет, үй салып беріп жатқандарына. Әдемі екен іші. Көңілден шықты бәрі де. Газ плитасын, кір жуу машинасын, барлығын қойып беріп жатыр. Душ бөлмесін. Барлығына рахмет. Ендігі жерде халқымыз аман, еліміз тыныш болсын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz