Астанада нөсер жаңбыр жауып, бірнеше көше суға толды, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір жауын салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іркілген суды соруға 200-ге жуық техника жұмылдырылған. Сондай-ақ жаңбыр салдарынан 6 электр желісі бойынша апаттық үзілістер болды. Қазіргі кезде Астана-РЭК қызметі электр энергиясының авариялық ажырату орындарында электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге кірісті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz