RU
Толық нұсқаға өту

Су тасқыны: Қостанай облысында 35 кәсіпкерге өтемақы төленді

07.08.2024, 07:50 646

Қостанай облысында су тасқыны кезінде шығынға батқан 35 кәсіпкерге 206 млн теңге өтемақы берілді, деп хабарлайды 24KZ.

Тасқын кезінде 59 бизнес нысаны суға кеткен еді. Басым бөлігі – сауда, қоғамдық тамақтану және демалыс орындары. 2 ғимарат апатты жағдайда деп танылды. Жетеуі жөндеуді қажет етеді. Одан бөлек, бүлінген құрал-жабдық, тауар шығыны өтеледі.

Жалпы бұл мақсатқа Үкімет қорынынан 12,1 миллиард тенге қаржы бөлінді. Өтемақы төлеу жөніндегі өтінішті аймақтық комиссия 5 күннің ішінде қарап, тиісті шешім шығарады. Бұл жұмысты тамыз айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Талғат Саламатов, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Ережеге сәйкес өтініш қарашаның 30-на дейін қабылданады. Бүгінгі күнге дейін зардап шеккен барлық кәсіпкер өз өтініштерін берді. Бірақ олардың бәрі бірдей төлем алмауы мүмкін. Өйткені шағын және орта бизес өкілі екендігін, бүлінген дүние-мүліктерін айғақтайтын құжат тапсырмағандар бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz