RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда 15 мыңға жуық адамға жалақы төленбеген

07.08.2024, 13:30 618

Жыл басынан бері елімізде 15 мыңға жуық адамға жалақы төленбеген.

259 кәсіпорынның өз жұмыскерлері алдындағы берешегі 3,3 млрд теңге болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Қабылданған тиісті шаралардың нәтижесінде қазір 13 мыңнан астам адамның құқығы қорғалып, еңбекақысы төленді. Ал ұйым басшыларына 35 млн теңге айыппұл салынған. Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары түрлі кәсіпорындарға 4 мыңнан астам тексеру жүргізді. Оның барысында 7 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz