RU
Толық нұсқаға өту
фото: akorda.kz

Қ.Тоқаев құрылыс саласы қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

09.08.2024, 18:13 783

Мемлекет басшысы құрылыс саласы қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Құрылысшы күні қарсаңында отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін саланың бір топ жұмысшысы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 4 азамат «Парасат» орденінің және 36 адам «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 40 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 72 құрылысшы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz