Қайрат Сатыбалдыұлының елге қайтарған активтерінің жалпы құны 732 млрд 800 млн теңгеге тең.
Мәселен, бағасы 158 млрд теңгеден асатын 115 қазақстандық нысан мемлекет меншігіне берілді. Мүліктің бір бөлігі оның жақын туыстарына, өзі сенген тұлғаларға және бақылаудағы компанияларға рәсімделген. Қайтарылған активтердің ішінде әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен көліктер, акциялар мен компаниялардың үлесі, теміржол мен ақшалай қаражат бар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, залалды толық көлемде өтеді, дейді агенттік өкілдері.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz