RU
Толық нұсқаға өту

Қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны 47%-ға артты

13.08.2024, 16:10 598

Қазақстанда қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны 47%-ға артты.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады. Мұндай өзгерістер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайларын жүйелі тексеруге мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, жыл басынан бері патронаттық тәрбиедегі 17 660 жетім баланың өмір сүру жағдайы тексерілді. «Тұрмыстық жағдайына, балалардың денсаулығына, физикалық және эмоционалдық дамуына, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынастарға ерекше назар аударылды», – дейді мамандар. Тексеру қорытындысы бойынша қамқоршылар мен қорғаншылардың қызметін одан әрі бақылау бойынша ұсынымдар берілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz