Қазақстандық фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 95 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – биылғы алты айдағы нәтиже. Былтырғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш бұдан 15%-ке аз еді. Денсаулық сақтау министрлігі кең таралған ауруларға арналған дәрілер өндірісіне басымдық беріп отыр. Тізімдегі 283 препараттың 107-сі Қазақстанда жасалған.
Ірі өндіріс орындары Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында шоғырланған. Бұл өндірістер жүрек-қан тамыры және онкологиялық аурулар мен қант диабетіне қарсы дәрілер шығарады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz