Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 274 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды 24KZ.
Аталмыш көмекке кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Атап өтерлігі, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ке артқан болатын. Биыл мұндай отбасыларды қолдауға 474,8 млрд теңге қарастырылған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz