Сабақ басталысымен жүріс-тұрыс көбейеді. Соған орай қауіп те көп, деп хабарлайды 24kz.
Біраз бұрын Петропавл қаласында болған жағдай елді дүр сілкіндіргені есте. Күйзеліс диагнозымен психиатриялық есепте тұрған 15 жастағы оқушы бетперде киіп алып, мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш қатарласын жарақаттағаны белгілі. Осыдан кейін Үкімет мектептерде бақылауды күшейтіп, бейнекамераны көбейтуді тапсырған еді. Енді осы мектептегі қауіпсіздік жайын ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Алмас Талқанбаев мырзадан білмекпіз.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz