Еліміздің шығысындағы туристік бағыттарда көлік нөпірі артты, деп хабарлайды 24KZ.
Сондықтан Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орындарына кіреберіс жолдарда полицейлер рейд жүргізіп жатыр. Мысалы, Бұқтырма су қоймасына апаратын «Өскемен – Алтай» күрежолымен демалыс күндері 20 мыңнан астам автокөлік жүреді. Осыған байланысты полицейлер жол қауіпсіздігін дрон арқылы да бақылауға кірісті. 3 күн ішінде тәртіп сақшылары 2 мыңнан астам заң бұзу дерегін тіркеді. 26 мас жүргізуші ұсталды. «Бұл шара демалыс маусымының соңына дейін жалғасады», – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов.
Андрей Ларионов, ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
- Туристер көп келеді. Осындай кезеңде жол-көлік оқиғаларының қаупі артады. Сондықтан қазір жол бойындағы тәртіпті 5 экипаж бақылауға алды. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық шара қолға алынды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz