RU
Толық нұсқаға өту

Қапшағай су қоймасы соңғы он жылда алғаш рет 100% толды

26.08.2024, 12:54 684

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет лық толып тұр, деп хабарлайды 24kz.

Қазір гидротехникалық нысанда 16 млрд 200 млн текше метрден аса тіршілік нәрі бар. Негізгі су көзі Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінен жиналады. Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген.

«Бұған Тянь-Шань мұздықтарының еруі мен жауын-шашынның көп болуы себеп» дейді мамандар.

«Соңғы рет мұндай, мол су қоры 2014 жылы байқалған. Суару маусымы басталғалы Шеңгелді және Ақдала алқаптары тіршілік нәрімен қамтылды. Шаруалардың сұранысы бойынша тағы секундына 750 текше метр су жіберіліп жатыр», - деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.

Айта кетейік, өңірде вегетациялық кезең қыркүйектің соңына дейін жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz