RU
Толық нұсқаға өту

Елдің 9 өңірінде жаңа су желілері салынып жатыр

28.08.2024, 07:30 851

Елдің Су ресурстары және ирригация министрлігі ескі су құбырларын жаңғыртуға және жаңадан су желілерін тартуға кірісті, деп хабарлайды 24KZ.

Олардың жалпы ұзындығы – 2 мың шақырым. Елдің 9 өңірінде 28 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде миллионнан астам адам тұратын 400-ден аса елді мекен сумен қамтылады. 96 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар ведомство 2030 жылға қарай елдегі суармалы алқап көлемін 2,5 млн гектарға жеткізбек. Ол үшін суды тасымалдау жүйесіндегі шығынды 50%-тен 25%-ке азайту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, су қорын 2,4 текше шақырымға ұлғайту жоспары жасалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz