RU
Толық нұсқаға өту

Биыл есірткі саудасымен айналысқан 25 тұлға сотталды

28.08.2024, 13:00 926

Биыл елімізде есірткі саудасы 22 млрд теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жылдағыдан 18%-ке көп. Қаражаттың дені банктер мен төлем жүйелері арқылы аударылған. «Алайда қылмыскерлер күн сайын сауда тәсілдерін жетілдіріп жатыр», – дейді мамандар. Есірткі саудасына қарсы күрес шаралары бүгін арнайы кеңесте талқыланды. Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі психотропты заттарды сату дерегі бойынша 60 жайтты анықтап, құзырлы органға жолдаған. Нәтижесінде 70 тұлға ұсталып, соның 25-і сот шешімімен 10 жылға дейін бас бостандығына айырылды.

Дмитрий Малахов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттінің төрағасы:

- Бүгінде наркодиллерлер қылмысын жасыру мақсатында байланыссыз есеп айырысу тәсіліне көшті. Миллиардтаған қаражат астыртын қаржы мекемелері арқылы өтіп жатыр. Сондықтан есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күресте бірлесе әрекет еткен жөн.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz