RU
Толық нұсқаға өту

Қырғыз жиһанкезі велосипедпен Ош қаласынан Астанаға жетті

03.09.2024, 23:00 759

Әлем жиһанкездері елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қызығушылық танытты, деп хабарлайды 24KZ.

Байрақты бәсекені көру үшін Ош қаласынан велосипедпен шыққан Қырғыз азаматы Астанаға жетті. Ол екі ортадағы 1200 шақырымды 25 күнге бағындырған. Ондағы мақсаты – түркітілдес елдер достығын бекемдеп, бұқараны спортпен шұғылдануға шақыру.

Бұған дейін ол Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия секілді әлемнің 6 елін велосипедпен аралаған. Ал Қазақстанға осымен 2-ші мәрте табаны тиіп тұр.

Мамыт Таштанов, велотурист:

- Астана қысқа уақыт ішінде өте қатты өзгерген. Соңғы рет 2017 жылы келіп едім. Қала көркейіп, құлпыра түскен. Әрине, 1200 шақырымды велосипедпен жүріп өту оңай болған жоқ. Жол-жөнекей кездескен адамдар да осы мақсатымды іске асыруға барынша қолғабыс танытты. Енді Қытай еліне велосипедпен жетсем деген арманым бар. Ал бұл жолғы жорығымды қырғыз-қазақ халықтарының бауырластығына арнадым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz