RU
Толық нұсқаға өту

Есірткі зертханасын ашқан ерлі-зайыпты ұсталды

04.09.2024, 10:02 565

Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырған отбасы ұсталды.

Ерлі-зайыпты өндірісті Алатау ауданындағы пәтерінде ашқан. Мұнда олар синтетикалық есірткі жасап, сатпақ болған.

Күдіктілер үйінде ұсталды. Тінту кезінде зертхана жабдықтары, шикізатты сақтауға арналған шыны ыдыстар, электр сорғылары, ноутбуктер тәркіленді.

Операция Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерінің көмегімен "Қарасора" іс-қимылы аясында жүргізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz