RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да қоныс аудару бағдарламасына бөлінген ақша жымқырылды

09.09.2024, 20:20 1144

Шығыс Қазақстан облысында қандастарды қоныс аударуға бюджеттен бөлінген 18 миллион теңге қолды болды, деп хабарлайды 24KZ.

Тұрғын үй алу үшін төленген өтемеақы жалған шарт жасасу арқылы жымқырылған.  Прокурорлық тексеріс кезінде белгілі болғандай, Моңғолиядан көшіп келген 3 отбасы пәтер иесімен сөз байласып, қаржыны өзара бөліске салған. Бұл іске мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, қазір Қазақстанға кіру үшін қандас мәртебесін алуға 6 мың адам өтініш берген. Олардың құжаттары мен жәрдемақы төлеу шарттары рәсімделіп жатыр. Жалпы тәуелсіздік жылдарында барлығы 1 миллионнан астам этникалық қазақ елге оралды.

Заур Лютфуллин, облыстық прокуратураның аға прокуроры:

- Жымқырылған қаржы үй сатушыларымен келісу арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Кейбір жағдайда мансап орталықтарында жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған. Мәселен, осы Моңғолиядан қоныс аударған 3 отбасы жалпы сомасы 18 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алу туралы келісім жасасқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz