RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да диқандар 1 млн тонна астықты қамбаға құйды

11.09.2024, 09:02 850

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қайта қарқын алды. 

Бірнеше күнге жалғасқан жауын басылып, диқандардың егіс басындағы жұмысы ширай түсті. Әзірге егіннің  бестен бір бөлігі орылды. Қамбаға 1 млн тоннадан астам астық құйылды. Жалпы биыл өңір диқандары 4,4 млн гектар аумаққа дәнді дақыл мен көкөніс еккен. Оның 3 млн гектардан астамына бидай себілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, астықтың шығымы тәуір, әр гектардан 17 центнерден өнім алынып жатыр. 

Мейрам Меңдібаев,  облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Элеваторларға түсіп жатқан бидайды кептіру жалғасуда. Оған мемлекет 20 мың тоннадай дизельдік жанармай берді. Төмен бағасымен 1 литрі - 250 теңге. Оған қоса біздің элеваторлар, хпп-лар бар. 46 элеваторымыз, 332 хпп бар. Нан қабылдау пункті. Соған да сұйытылған газ беріліп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттен төмен бағасымен мың тонна берілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz