RU
Толық нұсқаға өту

Оқушылардың қатарластарына жәбір көрсеткен бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады

11.09.2024, 15:21 867

Елорда мектептерінің бірінде оқушылар қатарластарына жәбір көрсетіп жатқан бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Онда жеткіншектер өзге баланы бетінен соғып, тепкінің астына алған сәттер анық көрінеді. Бұл оқиға 4 қыркүйек күні нөмірі 83-ші мектеп-гимназияда болған. Арнамызға берген сұхбатында білім ошағының басшысы сол күні оқушылар мен ата-аналарын шақырып, әрқайсымен әңгімелескенін жеткізді. Балалар болса, оқиғаның буллинг екенін жоққа шығарып, таспаға әзіл ретінде түсіргендерін айтқан. Ал кеше бейнежазба әлеуметтік желіге қайта тарап кеткен. Енді мән-жайды полиция анықтап жатыр. Мектеп директоры қазір іс құқық қорғау органдарының бақылауында екенін мәлімдеді. Балалар мектепішілік қадағалауға алынды.

Гүлмира Жарменова, №83 мектеп-гимназия директоры:
- Әлеуметтік желіде тараған видео туралы мынандай ақпарат бергім келеді. Ол оқиға 4 қыркүйек күні болған. Біз сол күні сағат 13:00-де бүкіл сол жерде болған оқушылар мен ата-аналарын шақырып, құқық
бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысын жасадық. Сол кеңесте ана-аналар мен оқушылардың берген түсініктемесінде олар жай ойын үшін, өздері үшін түсірген видео болып, сол видео біздің көзімізше өшірілді. Ал кеше сағат 18:00-ден кейін біз сол видеоның тарағанын көріп, ата-аналар мен балаларды қайта жинап,  психологтармен бірге тағы да әңгіме жұмыс жүргіздік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz