RU
Толық нұсқаға өту

Ковбойлар қазақ фермасына қонаққа барды

15.09.2024, 22:24 630

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан америкалық ковбойлар Ақмола облысындағы қазақ қожалығында қонақта болып, фермерлердің тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды 24kz.

Отандастарымыз меймандарды салт-дәстүрге сай бауырсақпен қарсы алып, ет ұсынды. Өз кезегінде ковбойлар ән салып, америкалық мәдениетті паш етті.

Сондай-ақ америкалықтар №96 мектеп-гимназияның инклюзивті білім беру оқушыларымен кездесті. Олар балаларға атқа міну техникасын үйретті. Кездесу соңында ферма иесі қонақтарға жүннен жасалған бұйымдарды сыйға тартты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz