RU
Толық нұсқаға өту

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 50 мүшесі ұсталды

23.09.2024, 16:22 774

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге де жауапты органдармен бірлесе ұйымдасқан қылмыстық топтың 50 мүшесін ұстап, тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Күдіктілердің қылмыстық және деструктивті діни ортадан шыққан адамдар екені белгілі болды. «Олар тауар мен көлік ұрлап, қылмыстық әрекеттерді қаржыландырған», – дейді мамандар. Адамдардың сеніміне кіріп, құны 2 млрд теңгеден асатын мүлікті қолды еткен. Арнайы операциялар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүргізіліп, тінту барысында банк карталары, ірі көлемде ақша, экстремистік әдебиет пен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz