Еліміздің энергетика саласын әртараптандыру керек.
Бұл электр қуатының тапшылығы мәселесін шешеді. Алматыда бас қосқан сала мамандары осындай пікірде. Ғалымдардың айтуынша, қазір бізде электр қуатын тұтыну жыл сайын 3 процентке өсіп отыр. Тапшылықты болдырмау үшін оны көршілес елдерден алуға мәжбүрміз. Әсіресе республиканың оңтүстік өңірлерінде электр жарығы тұтынушылардың бәріне жетпейді. Анда-санда өшіп те қалады. Атом электр станциясы салынып жатса, Қазақстанда сенімді әрі тұрақты энергия пайда болады.
Сабыржан Қали, университет докторанты:
- Күн, су және жел электр станциялары олар күнге, желге тәуелді. Кейде жел болады, кейде күн болмайды. Сол себепті олардың КПД дейді - коэффицент полезного действия аз. Сол себепті кейде мысалы күн күндіз электр энергиясы қуатын береді. Түнде бірақ энергия жоқ күн элелктр станцияларында. Бізге қалыпты бір энергия қуатын беретін өндіріс керек.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz