Ел бойынша 10249 референдум учаскесі таңғы сағат 7.00-ден бастап дауыс берушілерге есігін ашты, деп хабарлайды 24kz.
Ал аумақтық коммисия шешімімен 84 учаске жұмысын таңғы 6.00-ден бастады. Бұл туралы орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары мәлімдеді. Константин Петровтың айтуынша, жалпыұлттық референдумда 12 млн-нан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Бүгінде олардың 10 мыңнан астамы есептен шығару куәлігін алған. Яғни, жұмысына байланысты осы тұлғалар өзіне ынғайлы, елдің кез келген жерінен дауыс бере алады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz