RU
Толық нұсқаға өту

Халық артисі Асанәлі Әшімов те өз таңдауын жасады

06.10.2024, 15:40 574

Референдумда Қазақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімов те дауыс берді.

Ол қаладағы №382 учаскеге отбасымен келіп, өз таңдауын жасады. «Ел үшін өзекті мәселенің осылай қоғам талқысына түскені маңызды. Сондықтан референдумға халық болып бірауыздан атсалысқан жөн. Яғни бұл мемлекеттің дамуына бастайтын нақты шешімнің бірі дер едім», - дейді Асанәлі Әшімов. Актердің айтуынша, қоғамда бұл сұрақ кеңінен талқыланды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сол себепті референдумда дауыс беру аса маңызды.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі:

- Дауыс беру – біздің азаматтық борышымыз. Халықтың тілегі, халықтың әл-ауқаты жасару керек деп жатырмыз. Оған қосыламын. Халықтың тұрмысы жақсарса деп, мен сол жағына қарап жақтаймын. Осындай жасап жатқан референдумға жақсы көзбен қараймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz