RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 5 адам зардап шекті

08.10.2024, 13:05 664

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде 5 адам зардап шекті.

Бесінші адам бүгін түнде облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ол Шөптікөл ауылы маңында тұтанған өртті сөндіруге шыққан ерікті екен. Еске салсақ, 6 қазан күні тұтанған дала өрті 35 мың гектардан астам жерге жайылды. Бір өрт сөндіруші қаза тапты.

Берік Төлеубаев, Х. Мақажанов атындағы Көпсалалы аурухананың  травматология орталығының басшысы:

- Науқас жатқызылды. Денесінің 35%-тін күйік шалған. Бізде  5 науқас жатыр. Оларға барлық ем-шаралар көрсетілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz