RU
Толық нұсқаға өту

Жалтыр – Макинск тасжолы уақытша жабылды

11.10.2024, 22:30 929

Күн райының күрт өзгеріп, температураның төмендеуінен Ақмола облысындағы Жалтыр – Макинск тасжолы уақытша жабылды.

Бұл жайлы Астрахан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлады. Құтқарушылар аудан тұрғындары мен қонақтарын жолға шықпау қажеттігін ескертті.

Ғұмар Ғалымханов, Астрахан аудандық ТЖБ Азаматтық қорғау аға лейтенанты:

- Ауа райының күрт өзгеруінен, температураның -6 градусқа дейін төмендеуіне байланысты уақытша облыстық маңызы бар Жалтыр – Макинск жолы жабық. Осыған орай Астрахан ауданының тұрғындары мен қонақтарын төтенше жағдайларды болдырмауға байланысты ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz