RU
Толық нұсқаға өту

1 қазаннан бері елімізде 17 адам өрттен қаза тапты

15.10.2024, 13:35 695

Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт шығып, үш жүзден астам адам қаза табады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті өкілі осылай деді. Қанат Доспаевтың айтуынша, жылыту маусымы басталғалы 100-ден астам өрт тіркелген. 1 қазаннан бері 17 адам қаза тапқан. Оның алтауы бала. Сондай-ақ қызыл жалыннан 13 азамат зардап шеккен.

Қанат Доспаев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:

- Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза болса, 213 адам жарақат алды. Өрттің өсуі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы мен Маңғыстау облыстарында байқалады. Қаза тапқандардың көпшілігі – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz