RU
Толық нұсқаға өту

Елде вегетациялық кезең аяқталды

15.10.2024, 14:40 793

Еліміздегі суару маусымы сәтті аяқталды.

Су ресурстары және ирригация министрінің айтуынша, оңтүстік өңірлердің диқандарына 10,9 текше шақырым су берілген. Оған 1,2 млн гектардан асатын алқап тұрақты суарылады. Нұржан Нұржігітов су тасқыны елдің оңтүстік өңірлеріне әсер етпегенін де алға тартты. Сол себепті қажетті тіршілік нәрін тарту бойынша көрші елдермен келісім жасалған. Ал Шардара су қоймасына 3,7 млрд текше метр су түседі деп күтілген, алайда көрсеткіш 4,8 млрд текше метрден асқан. Министр вегетациялық кезеңде Солтүстік Арал теңізіне шамамен 1 млрд текше метр су жіберілгенін айтты. Бұл былтырғы көрсеткіштен үш есе артық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz