RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да Бұқтырма үстінен салынған көпір сынақтан өткізілді

15.10.2024, 17:22 905

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы үстінен салынған көпір сынақтан өтті.

Ұзындығы 1 316 метрге тең нысанның беріктігін тексеру үшін  үстінен 15 жүк көлігі жүріп өтті. Олардың жалпы жүктемесі 450 тонна болды. Дәл сол сәтте көпірге орнатылған арнайы құрылғылар деформация, діріл, жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеді. Осы мәліметтерді зерттеген мамандардың айтуынша, жаңа нысан барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес салынған. Екі жолақты өткел Жарма, Қатонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандарын байланыстырады. Жалпақ жұрт күткен көпір жақында ресми түрде ашылып, қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz