RU
Толық нұсқаға өту

Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау жұмыстарын күшейтпек

21.10.2024, 13:00 684

Елде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 235 комиссия бар. Биыл олар 30 мыңнан астам балаға көмектесті, деп хабарлайды 24KZ.

Бүлдіршіндерге психологиялық, құқықтық, әлеуметтік және оңалту бағытында қолдау көрсетілген. Оқу-ағарту министрлігі нормативтік базаға елеулі өзгерістер енгізу арқылы балалар құқығын қорғау жұмысының тиімділігін арттырмақ. Атап айтқанда, кейс-менеджмент пен медициналық-әлеуметтік есепке алу моделін енгізуді жоспарлап отыр. Аталған шара қиын жағдайға тап болған әрбір балаға уақтылы, сапалы көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz